Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Баку мемлекеттік университетінің арасындағы кездесу

6

2025 жылдың 13 қазан күні Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры Дүкен Мәсімханұлы бастаған делегация Баку мемлекеттік университеті (БМУ) Шығыстану факультетінің деканы Хандан Айдан Рафиг Зека ханыммен ресми кездесу өткізді. Айдан ханым факультеттің ғылыми-зерттеу бағыттары мен білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет берді. Кездесу барысында екі тарап ғылыми және білім беру саласындағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға келісті. Баку мемлекеттік университетінің Шығыстану факультеті – Әзірбайжандағы шығыстану ғылымының көп жылдық тарихы бар мекеме. Факультеттің іргетасы 1919 жылы БМУ құрылған кезде Тарих-филология факультетінің жанындағы Шығыс бөлімі ретінде қаланған. 1922 жылы бұл бөлім дербес факультетке айналды. Факультетте араб, парсы, түрік, иврит, урду, жапон, қытай және корей тілдері мен әдебиеті, сондай-ақ Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті кешенді түрде оқытылады. Бүгінде факультетте төрт кафедра жұмыс істейді: Араб филологиясы; Таяу Шығыс тілдері мен әдебиеті; Түрік филологиясы; Қиыр Шығыс тілдері мен әдебиеті. Факультеттің түлектері мемлекеттік органдарда, дипломатиялық миссияларда және халықаралық ұйымдарда табысты қызмет атқарады. Екі мекеме арасындағы келіссөздер нәтижелі өтті, тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, оқу-әдістемелік материалдармен алмасу және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады, соның ішінде:Бұл кездесуде Дүкен Мәсімханұлы мен Хандан Айдан Рафиг Зека Қазақстан мен Әзірбайжандағы шығыстану ғылымының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді.

 

 

 

slot danahttps://cefta.int/