ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҒЫЛЫМИ САПАРМЕН МОНҒОЛИЯ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БОЛДЫ

584

2023 жылдың 16-23 қазан аралығында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы, институттың бас ғылыми қызметкері т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметханұлы және институттың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы А.Д. Тұрлығожаевалар Монғолия Халық Республикасының астанасы Ұлан-Батыр  қаласында жұмыс сапарымен болды.

Іс-сапар жүзеге асырылып жатқан гранттық ғылыми жобаның жоспарына сәйкес, Монғолия Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында Шығыстану бағытындағы ғылыми ынтамақтастық пен екіжақты байланысты нығайту барысында бірқатар  ғылыми-зерттеу орталықтарымен маңызды келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

✅ Ғылыми іс-сапар Моңғолия Парламентінің  (Ұлы Хуралының) депутаты, Мемлекет және қоғам қайраткері, қандасымыз Қабдислам Бәделхан мырзамен кездесуден басталды. Институт директоры Д. Мәсімханұлы депутатты делегация құрамымен таныстырып, іс-сапар мақсаты туралы баяндады.Өз кезегінде Қабдислам Бәделхан мырза Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жайлы ақпарат берді.  Сондай-ақ,  ғылыми іс-сапардың жұмысына сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.

 

✅ Моңғол Ғылым академиясының Моңғол философия институтының атқарушы директоры, PhD Мөнхцэрэнгийн Золзаяа және осы институттың Баян-Өлгейдегі филиалының меңгерушісі, доктор, профессор Д. Батмунх және доктор Қ.Мырзабек, докторант ЭША Н. Эрденебаяр мырзалармен кездесу болды. Инстиут директоры Д. Мәсімханұлы делегация құрамымен таныстырып, Шығыстану институтының тарихы, құрамы мен қазіргі атқарып жатқан ғылыми жобалары туралы толыққанды мәлімет берді. Философия институтының атқарушы директоры, PhD Мөнхцэрэнгийн Золзаяада өздерінің ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметі туралы баяндады. Екі тарап болашақта Қытайдағы автономиялы ұлттар болып саналатын ішкі моңғол мен қазақтарды зерттеу бойынша ортақ жұмыстар жасауға уағдаласты.

✅ Шығыстану институтының ғалымдары  МҰҒА Халықаралық зерттеулер институтының директоры,  қауымдастырылған профессор,  PhD Дашниям Золбоо, институттың ғалым хатшысы, PhD Турдалай Раднасед мырзамен және институттың ғалымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ғылыми мекеме өздерінің ғылыми орталықтарының қызметтері мен жобалары туралы мәліметтер берді. Екі институт болашақта қытайтану және шығыстану бағыты бойынша бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізіуге уағдаласты. Халықаралық зерттеулер институты қытай, жапон, корейтану бағыттары бойынша бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы жоспар құратыны мәдімдеді.

Осы айтылғандардың негізінде Халықаралық зерттеулер институты мен Шығыстану институты әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойды.

Осы шарадан кейін Д. Мәсімханұлы Халықаралық зерттеулер институтының директоры Дашниям Золбоо мырзаны Шығыстану институтының «Шығыстану ғылымына қосқан зор үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Өз кезегінде Дашниям Золбоо мырза Д. Мәсімханұлына зор алғысын білдіріп, қазақ-моңғол достығының 35 жылдығына орай бірлесіп кітаптар шығару туралы ойын жеткізді, сондай-ақ ғылыми бағыты ұқсас екі ғылыми мекеменің болашақта табысты жұмыс істеуі үшін қол қойылған меморандумның маңызы зор екенін атап айтты.

✅  Одан кейінгі кездесу Моңғол ұлттық университеті Ректорының өкілі шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, халықаралық қатынастар бойынша маман, PhD Ш. Мэндбаэр ханыммен жалғасты. Осы кездесуге қандасымыз, профессор, доктор, Моңғол Ұлттық университеті жанындағы француз тілі орталығының директоры Алтынгүл Болатқызы да қатысты.

Моңғол Ұлттық университеті мен Шығыстану институты болашақта бірлесіп жас мамандар, ғылыми кадрлар дайындау бағытында бірлесіп жұмыс істеу туралы ойларын ортаға салды. Болашақта өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.

 

✅  Келесі кездесу Моңғол Ғылым академиясының вице-президенті Бүдээбазарын Авид мырземен болды. Б. Авид мырза МҒА академиясының қызметі мен құрылымына тоқалып өтті. Жалпы МҒА-да 1100 қызметкер жұмыс істейтінін және 16 ғылыми-зерттеу институты бар екенін жеткізді. Шығыстану инстиутының директоры Д. Мәсімханұлы да Шығыстану институтының тарихы мен бүгініне тоқтала келе,  көшпенді халықтардың дүниетанымы, концепциясы, аңшы құстар, жылқы мәдениеті, көшпенділердің мифологиясы, көшпенді халықтардың фольклорындағы ортақ мотивтерді зерттеу жұмыстары бойынша  Моңғол еліндегі ғылыми мекемелердегі тарих, философия, этнография, шығыстану, халықаралық зерттеулер бағытындағы әріптестерімізбен ғылыми байланыстар орнату мақсатында бірнеше ғылыми орталықтарда кездесулер өткенін айтты.

Б. Авид мырза МҒА-сы  қазақ пен моңғол ғалымдарының ортақ ғылыми жұмыс жасау бастамаларына жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Кездесу соңында Д. Мәсімханұлы Б. Авид мырзаға жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, кітаптар сыйға тартып, естелікке суретке түсті.

✅ Іс-сапардың соңғы күні делегация мүшелері Шыңғыс ханның мемориалдық мүзейіне барды. Музейдің жалпы аумағы 15 мың шарты метрді құрайды. Онда Моңғол үстіртінде өмір сүрген ерте  дәуірдегі сақ, ғұн тайпалары, бірінші орта ғасырдағы көк түркі қағанаты жайлы дерек беретін артефактылар, археологиялық қазба мұралары қойылған.

Монғолия Халық Республикасында өткен 5 күндік  ғылыми іс-сапар нәтижелі де табысты болды деп айтуға болады.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ақпарат орталығы

https://vokasi.uki.ac.id/https://geoportal.palembang.go.id/https://pria.org/https://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/https://empowerment.co.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://rskiasawojajar.co.id/https://bantenheadline.com/wp-includes/files/https://en.unib.ac.id/https://icrcnewsroom.org/https://satvika.co.id/https://baritoutarakab.go.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://pafiaekkanopan.org/https://lpmpp.unib.ac.id/