Дүкен Мәсімханұлы

Дүкен Мәсімханұлы

Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры (2020 жылдан) – филология ғылымдарының докторы, профессор

Құрметті сайт оқырмандары!
Шығыстану саласының маман-ғалымдары, докторанттар мен магистранттар, студенттер мен ізденуші жастар, сайтымызға қош келдіңіздер!
ХХІ ғасыр ақпараттық технология заманы. Бұл – ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесін сипаттайтын, және ақпараттық технологиядан пайланала отырып, жұмыс өнімділігін арттыратын қоғам деген сөз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «қазіргі кезде дүниежүзіндегі технологиялық түрленудің жылдамдығы үдей түсуде, сондықтан технологиялық процестің жаңалықтарын қабылдап, тез әрекет ету Қазақстан үшін маңызды болып саналады. Өйткені, іс жүзінде енгізілген цифрлық технологиядан Қазақстанның болашақ келбеті көрінетін болады» деп, ақпараттық технологияның маңыздылығына баса мән береді. Сол себепті де біз Институтымыздың алдағы іс-шаралары, жоба-жоспарлары, жалпы шығыстану ғылымының беталысы жөнінде қоғаммен тығыз байланыста болу үшін «shygystanu.kz» сайтын іске қостық.
«shygystanu.kz» сайты – шығыстанушы ғалымдар мен докторант, магистранттарға, ізденуші студент жастарға, жалпы көпшілік оқырманға мүмкіндігінше танымдық ақпарат көзі болады деген сенімдеміз. Сіздердің әлемдік және отандық шығыстану ғылымының дамуына, өркендеуіне қатысты ұтымды ой-толғамдарыңыз бен құнды пікірлеріңіз, біз үшін аса қажет әрі маңызды. Сондықтан да институт директоры ретінде маған айтар өрелі ұсыныс-пікір, құнды ой-толғам, көкейлеріңізде жүрген сұрақтар болса директор блогы арқылы жолдап тұруларыңызға болады. Біз Сіздердің әрбір пәтуалы пікірлеріңіз бен ұсыныс-тілектеріңізге мән беріп отыратын боламыз.

Құрметпен,
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры
Дүкен Мәсімханұлы