Академикті Ел Президенті құттықтады

887

Белгілі шығыстанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі Әбсаттар қажы Дәрбісәлі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сонымен бірге, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтауын жолдады. Құттықтауда: «Өзіңізді халқымыз шығыстанушы ғалым, ислам құндылықтарының сақталуына және тарихи-мәдени саланың дамуына еңбек сіңіріп келе жатқан қоғам қайраткері, айтулы азамат ретінде жақсы біледі.

Алдағы уақытта да өркениетке бет алған қоғамымыздың рухани байлығын арттыруға өз үлесіңізді қосып, отандастарымыздың құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін.

Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс пен құт-береке тілеймін», – деп жазылған.

Бұл фарабитанушы ғалымның ерен еңбегіне деген елеулі құрметтің белгісі. Академик Ә. Дербісәлі ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп келеді. Соның бір дәлелі ретінде, жуырда ғана әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университе­ті­­нің баспа үйінен жарыққа көрген «Әбу Насыр әл-Фараби – даланың да­ра­ тұлғасы» атты іргелі зерттеу ең­бе­гін айтуға болады.

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы академик ғалым Әбсаттар қажы Дербісәліні 15 қыркүйекте өткен туған күнімен құттықтайды. Ұлт руханиятына сіңірген еңбегіңіз жемісті бола бергей!