Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы: Ватикан және Еуропа қорларындағы жаңа деректер мен материалдар

9

Құрметті әріптестер!

2026 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы: Ватикан және Еуропа қорларындағы жаңа деректер мен материалдар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция ИРН BR24993132 «Ватиканның және Батыс Еуропа елдерінің жаңа құнды материалдары бойынша Түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихы мен мәдениеті» атты бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру жобасының қорытындысы ретінде өткізіледі. Халықаралық басқосу бағдарлама шеңберінде орындалған зерттеу нәтижелерін талқылауға, сонымен қатар, Ватикан, Италия, Германия, Франция, Испания және Батыс Еуропаның басқа да елдерінің архивтері, кітапханалары мен сирек кітаптар қорындағы жаңа және аз зерделенген материалдарын ғылыми тұрғыдан пайымдауға бағытталған.

Түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихын, оның саяси құрылымын, дипломатиялық және мәдени байланыстарын, картографиялық бейнесін, еуропалық зияткерлік дәстүрдегі алатын орнын көрсететін латын, батысеуропалық, араб-парсы, түркі және қытай тілдеріндегі материалдарға деректанулық талдау жасауға ерекше назар аударылады.

Конференцияның мақсаты – Ватикан және Батыс Еуропа елдерінде сақталған түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа бірегей материалдарды айқындау, зерделеу, аудару мен интерпретациялауға байланысты жобаның негізгі ғылыми нәтижелерін ұсынып, талқылау.

Конференцияның негізгі міндеттері:

– Еуразияның саяси тарихы контексіндегі түркі халықтарының ерте және ортағасырлық тарихы бойынша зерттеу нәтижелерін жинақтап қорыту;

– Түркі әлемін зерделеуге арналған ватикандық және батысеуропалық архивтік, қолжазба, нарративтік және картографиялық дереккөздердің маңызын талқылау;

– түркі қоғамының Батыс Еуропамен дипломатиялық, сауда, мәдени және зияткерлік байланыстары мәселесін қарастыру;

– хроникалар, карталар, миниатюралар, саяхаттар мен дипломатиялық материалдардағы суреттемелерден түркілер туралы еуропалық көзқарас ерекшеліктерін талдау;

– Түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті жөніндегі сирек кездесетін дереккөздерді әрі қарай зерделеу мен ғылыми айналымға енгізу перспективаларын белгілеу.

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жобалануда:

І секция. IV-XIV ғғ. Еуразияның саяси тарихындағы түркі халықтары

Секция шеңберінде ғұн, авар, Ұлы Түркі қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Хулагу мемлекеті тарихының мәселелері, сондай-ақ, Еуразияның саяси жүйесіндегі түркі және түркі-моңғол бірлестіктерінің рөлі қарастырылады.

ІІ секция. Түркі әлемінің тарихы бойынша ватикандық және батысеуропалық дереккөздер

Секция Biblioteca Apostolica Vaticana және Батыс Еуропа елдерінің архивтері, кітапханалары мен сирек кітаптар қорларында сақталған латын тіліндегі хроникалар, қолжазба  жәдігерлер, дипломатиялық құжаттарды, араб-парсы, түркі және қытай тіліндегі материалдарды талдауға арналған.

ІІІ секция. Еуропаның картографиялық, визуалды және мәтіндік дәстүріндегі Түркі әлемі

Секция шеңберінде талқыланатындар: еуропалық карталар, топонимика, этнографиялық мәліметтер, миниатюралар, түркілердің визуалды және мәтіндік бейнелері, батысеуропалық дәстүрдегі Түркі әлемі суреттемелерінің категориялары, мәдени аударма, терминология мәселелері, сондай-ақ, кеңістік, билік, соғыс және халықаралық қатынастар туралы еуропалық көзқарасқа Түркі әлемінің ықпалы.

Конференцияға қатысуға тарихшылар, шығыстанушылар, медиевистер, деректанушылар, археологтар, этнографтар, мұрағатшылар, филологтар, халықаралық қатынастар, картография тарихы, мәдениет тарихы бойынша мамандар, Түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті проблемаларымен айналысатын докторанттар, магистранттар мен жас зерттеушілер шақырылады.

 

Конференция форматы: оффлайн / ZOOM платформасындағы онлайн – конференция.

Zoom конференциясына қосылу

https://us06web.zoom.us/j/89958273974?pwd=1qXCwK6Pxv21CwArm4qu9v5APTRuGa.1

Қосылу идентификаторы: 899 5827 3974

Байланыс коды: 185118

 

Конференция материалдарының жинағын қыркүйекте шығару жоспарлануда. Осыған байланысты, конференцияға қатысу үшін, өтінімдеріңіз бен баяндамаларыңызды (мақала) 2026 жылғы 1 қыркүйек дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Байланыс деректері: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29, тел.: 8 727 261-16-01, +7 701 697 96 90, e-mail: kurmanbayeva.ks@gmail.com projectvatican @gmail.com.

Өтетін орны: «Ғылым Ордасы» Кіші конференц-залы, 3-ші қабат.

Уақыты: 25 қыркүйек 2026 жыл, сағат: 10:00 – 18:00

Жауапты орындаушылар: Жетекші ғылыми қызметкер Әмірбекова Сағыныш Көпенқызы, ғылыми қызметкер Құрманбаева Құралай Смағұлқызы (+7 701 697 96 90)

 

Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің мекенжайына Өтінім және мақала тезисін жіберу қажет:

  1. Нысан бойынша толтырылған өтінім (төменірек қараңыз);
  2. Басылған және электронды түрдегі мақала тезистері – көлемі 8 бетке дейін.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі – 8 бетке дейін, MS WORD редакторы, *.doc, *.rtf версиялары.

Файл атауы мақаланың бірінші авторының фамилиясынан басталуы қажет.

«Times New Roman» қарпі, 14 кегль.

Жиектері: үстінен – 2, астынан – 2, сол жағынан – 3, оң жағынан – 1 см.; интервалы – 1.

Мақала атауы – жол әріптерімен, қалың қаріппен, парақтың ортасынан. Сосын, бір интервал қалдырып, автордың аты-жөнін, ғылыми дәрежесін, ғылыми атағын, ұйым атауын (жақшада: қала, ел атауы) көрсеткен жөн.

Қолданылған әдебиетке сілтемені дәйектеу шамасына қарай, мақала мәтінінде беру, мысалы: [5, 39 б.]. Қолданылған әдебиеттер тізімін мақала соңында көрсету.

Кестелерді MS WORD редакторында ұсынған жөн.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

ОРТАЛЫҚАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

Ахметов Е.Т.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

(Алматы қ., Қазақстан)

 

Мәтін… [1, 25 б.]. Мәтін… [2, 47 п.].

 

Әдебиет:

 

  1. Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы: «Жалын», 1993. – 192 с.
  2. Central Asia 2050. Unleashing the Region’s Potential. Editors: Rajat M. Nag, Johannes F. Linn, Harinder S. Kohli. – Astana, National Analytical Center, 2016. Published by SAGE Publications India, New Delhi, 2016. – 337 p.
  3. Байпаков К.М., Капекова Г.А., Воякин Д.А., Марьяшев А.Н. Сокровища древнего и средневекового Тараза и Жамбылской области. Коллективная монография. – Тараз: Археологическая экспертиза, 2011. – 620 с.

 

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

 

Аты-жөні  (толық): ______________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ________________________________________

Жұмыс орны: __________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________

Байланыс телефоны, факс: _______________________________________________

E-mail: _______________________________________________________________

Баяндама тақырыбы: ___________________________________________________

Түйінді сөздер: ________________________________________________________

Қысқаша аннотация (250 сөзге дейін): _____________________________________

 

 

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

slot danahttps://cefta.int/