Ресей Федерациясына ғылыми іссапар

180
🔹 Институт базасында орындалып жатқан белгілі гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 23 маусымынан 5 шілде аралығында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филол.ғ.д., профессор, жоба жетекшісі Д. Мәсімханұлы және жобаның бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметханұлы Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ғылыми іссапарда болды.
🔹 24 маусым күні Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының директоры тарих ғылымдарыының докторы, профессор Аликберов Аликбер Калабекович және ғылыми қызыметкерлердің қатысуымен ғылыми кездесу өтті. Қос институттың басшылары өз институттарын қысқаша таныстырып, болашақта бірлесіп мамандар дайындау, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу, PhD докторанттарға шетелдік жетекші ретінде шақыру, ынтымақтастық қатынас орнатудың жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, екі институт бірлесіп, ортағасырдағы түркілер мен славяндар арасындағы мәдени байланыстар мен ықпалдастықты зерттеу маңызды деген пікірге келді.
Кездесуден кейін делегация мүшелері аталған институттың қолжазба бөлімінде сақталған ескі шығыс тілдеріндегі жазба мұралармен танысты.
🔹 25 маусым күні Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институтында кездесу болды. Кездесуді аталмыш институттың ғылымға жауапты орынбасары, т.ғ.к. Фесюн Андрей Григорьвич жүргізді және институттың қытайтанушы ғалымдары қатысты. Кездесу екі тарап өзара институттарын танстырудан басталып, тақырыпқа қатысты рессейлік ғалымдардың зерттеулері жөнінде пікір алмасып, өзара ынтымақастық байланыс орнатудың жолдары да талқыланды. Алайда олар ҚКП-ның ел ішіндегі аз санды ұлттар саясаты жөнінде зерттеу жүргізбеген екен. Олар бұл тақырыпты аса күрделі деп санайтындарын жеткізді.
🔹 26 маусым күні Институт ғалымдарын Ресей ғылым академиясының вице-президенті, академик Макаров Николай Андреевич қабылдады. Кездесу академияның Шығыстану институтының және Жалпытарих институттарының директорлары мен сала мамандары және сыртқы байланысқа жауапты қызыметкерлерінің қатысуымен өтті. Вице-президент, академик Н.А. Макаров Қазақстандағы гуманитарлық және гуманитарлық емес салалар бойынша ынтымақтастық жасауға ниетті екенін жеткізді.
Дүкен Мәсімханұлы Шығыстану институтын қысқаша таныстырып, қазіргі заманғы Қытайды зерттеу бойынша өзара ынтымақтастық байланыс орнату туралы ұсынысын және Шығыстану институты жанынан шығатын «Қазақстан шығыстануы» ғылыми журналын Ринц базасына енгізу туралы өтінішін жеткізді.
🔹1 шілде күні Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясы Шығыс қолжазбалары институтының директоры, РҒА мүше-корреспонденті Попова Ирина Федоровнамен кездесу болды. Қос институт директорлары екіжақты ынтымақтастық орнату жөнінде жазылған келісімшарттың мәтінін талқылап, қол қоюға уағдаласты. Сондай-ақ, директор Ирина Федоровна делегация мүшелерін институтта сақталған бағалы қол жазбалармен таныстырды.
🔹 2 шілде күні  Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Шығыстану институтында кездесу өтті. Делегация мүшелерін Шығыстану институты директорының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Родионов Алексей Анатольевич қарсы алып, Шығыстану институтын, кітапханасын және унверситеттің құрылғанына 300 жыл толуына орай ашылған фото көрмелермен таныстырды. Сондай-ақ, Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының деканы, тарих ғылымдарының докторы, академик Пиотровский Михаил Борисович және кафедра меңгерушілерінің қатысуымен ғылыми жиын өтті.
Кездесуде Д. Мәсімханұлы қытайтанудің еліміздегі маңыздылығын айта келіп, ҚКП-ның этникалық азшылықтарға қолданып отырған саясаты жөнінде ресейлік ғалымдардың зерттеулерін білгісі келетінін айтты. Сондай-ақ ол екіжақты ынтымақтастықты бірлескен ғылыми жобалар ұсыну, бірлесіп маман-кадрлар дайындау, конференциялар өткізу және журналдарда ғылыми мақалар жариялауды ұсынды. Қарсы тарапта осы айтылған мәселелер қызықтыратынын және ұсыныстарды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендерін жеткізді.
🔹 Жалпы, бұл ғылыми іссапардың мақсаты толығымен ойдағыдай орындалды деуге болады. Іссапар барысында делегация Ресейдің Қытайды зерттеу жағдайымен, сондай-ақ олардың Қазақстанды зерттеу жөнідегі жаңа концепциясымен танысты. Сонымен қатар, іссапар барысында ғалымдар жоба тақырыбының аясында Мәскеуде Ресей мемлекеттік музейді, Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитаж мұражайын аралады және жоба тақырыбына және шығыстану саласына байланысты 20 шақты кітап жинап әкелді.
https://pria.org/http://mtm.pasca.mercubuana.ac.id/wp-includes//theme/slot deposit pulsahttps://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/file/pulsa/https://www.netbright.co.th/https://www.dprtc.sua.ac.tz/https://www.icrcnewsroom.org/https://ise.usj.edu.mo/https://elok.utara.banjarmasinkota.go.id/plugins/