Ұлыбритания Ұлттық архивімен ынтымақтастық: Ортағасырлық түркі тарихының жаңа парақтары
Лондон қаласына жасаған ресми сапарымыз аясында тарихи әрі маңызды кездесу өтті. Ұлыбританияның Мемлекеттік (Ұлттық) архивінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, доктор Джульетт Десплат (Dr. Juliette Desplat) ханыммен арнайы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының делегациясы ( Д.Мәсімханұлы, С.К. Әмірбекова, Н. Әбдімомынов) жүздесті.


Кездесудің басты мақсаты — қос тарап арасындағы мәдени-ғылыми байланысты нығайту және ортақ тарихи мұраларды зерттеу. Сұхбат барысында әлемдік тарих сахнасында ерекше орны бар ортағасырлық түркі тарихына қатысты жаңа құнды материалдарды зерттеу мәселесі кеңінен сөз болды.


Доктор Ж. Десплат Ұлыбритания архивтерінде шығыс елдеріне, соның ішінде түркі халықтарының көне дәуірі мен дипломатиялық қарым-қатынастарына қатысты әлі де ашылмаған, жүйелі зерттеуді қажет ететін сирек құжаттардың қоры мол екенін атап өтті. Сала мамандары үшін бұл деректердің тарихи ақиқатты айқындаудағы маңызы өлшеусіз.
Басқосу қорытындысы бойынша алдағы уақытта бірлескен ғылыми жұмыс жасауды қолға алу, архивтік құжаттардың көшірмелерін алмасу және қос ел ғалымдарының тәжірибе бөлісуіне жағдай жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Бұл қадам отандық тарих және шығыстану ғылымын жаңа деңгейге көтеріп, бабалар шежіресін түгендеуге үлкен серпін бермек. Халықаралық серіктестік жемісті, ал табылған әрбір жәдігер ұлт игілігіне айналарына сенім мол.

slot danahttps://cefta.int/