Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи өзара іс-қимыл және ынтымақтастық перспективалары

24

Құрметті әріптестер!

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Сіздерді
Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына арналған
«Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи өзара іс-қимыл және ынтымақтастық перспективалары»
атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан мен Шығыс елдерінің тарихи өзара байланыстарын, мәдени және рухани ықпалдастық тәжірибесін саралап, қазіргі кезеңдегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашақ бағыттарын талқылау.

Өтетін күні: 2025 жылғы 21 қазан
Өтетін орны: Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы Алматы қаласы, Төлебаев көшесі 185 үй

Конференцияға отандық және шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдері, белгілі шығыстанушылар, тарихшылар мен жас ғалымдар қатысады.

Іс-шара барысында пленарлық және секциялық отырыстар өткізіліп, ғылыми пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңы ұйымдастырылады.

Барлық мүдделі зерттеушілер мен ғалымдарды осы маңызды ғылыми басқосуға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат пен тіркеу тәртібі туралы мәлімет институттың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Құрметпен,
Р.Б. Сүлейменов атындағы
Шығыстану институтының ұйымдастыру комитеті.

slot danahttps://cefta.int/