АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану 2025 жылғы қазан айының 21-і күні Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жыл толуына арналған «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи өзара іс-қимыл және ынтымақтастық перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, экономикалық, геосаяси, өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Қазақстанмен өзара іс-қимыл және өзара ықпал ету жағдайында Шығыс елдерінің тарихи-мәдени мұрасы;
- Шығыс әлеміндегі түркі бірлігінің тарихи миссиясы және Қазақстанның геосаяси әлеуеті;
- Қазақстанның Шығыс елдерімен этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестігі: әлеуметтік пен демографиялық аспектілері;
- Қауіпсіздікті нығайту мен АӨСШК, ШЫҰ, ТМҰ және ИЫҰ тәрізді ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы қазақстандық бастамалар контексіндегі «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» диалогы;
- Шығыс елдерінің инвестициялық, логистика, көлік, энергетика және инфрақұрылым салаларында ұлттық қауіпсіздікті және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан мен Орталық Азияға қатысты экономикалық саясаты;
- Шығыстың жетекші елдеріндегі жаһандық проблемалар (экологиялық, азық-түлік, су және басқа дағдарыстар) және оларды шешу әдістері;
- Өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның Шығыс елдерімен мәдени-гуманитарлық, экономикалық және саяси өзара іс-қимылының стратегиялық бағыттары.
Халықаралық ғылыми конференция нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына 2025 жылғы 11 қазанға дейін өтінімдер мен баяндамалар orientalstudies.kz@gmail.com, shighistanu@mail.ru электрондық адрестеріне қабылданады.
Жұмыс форматы: оффлайн / ZOOM платформасындағы онлайн-конференция.
Байланыс деректері: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, тел.: 8727 261-16-01, 87016979690 Кұрманбаева Құралай. E-mail: shighistanu@mail.ru, orientalstudies.kz@gmail.com;
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемі – 8 бетке дейін, MS WORD редакторы, *.doc, *.rtf нұсқаларында.
Файл атауы мақаланың бірінші авторының тегі, аты-жөнінен басталуы қажет.
«Times New Roman» шрифті, кеглі – 14.
Жиектері: үстінен – 2, астынан – 2, сол жағынан – 3, оң жағынан – 1 см.; интервалы – 1.
Мақала атауы – жол әрпімен, қалың қаріппен беттің ортасынан теріледі. Онан соң, арасына интервал салып, автордың фамилиясы және аты-жөнінің бастапқы әріптері, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақшада: қаланың, елдің атауы) көрсетіледі.
Қолданылған әдебиетке жасалатын сілтемені дәйексөз келтіру шамасына қарай, мақала мәтінінде келтіру, мысалы: [5, 39-бет.]. Қолданылған әдебиет тізімі мақаланың соңында көрсетіледі.
Кестелерді MS WORD редакторында көрсеткен жөн.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Омаров К.Е.
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
(Алматы қ., Қазақстан)
Мәтін… [1, 25-б.]. Мәтін… [2, 47-п.].
Әдебиет:
- Контуры внешней политики Республики Казахстан и стран Центральной Азии: многовекторность и безопасность: Коллективная монография / Под ред. Дуйсена Г.М. – Алматы: Изд-во «Дайк-Пресс», 2020. – 372 с.
- The European Handbook of Central Asian Studies History, Politics, and Societies. Jeroen Van den Bosch, Adrien Fauve, Bruno De Cordier (eds.). Ibidem-Verlag, Stuttgart, 2021. – 1021 р.
- Основные показатели внешней торговли Республики Казахстан за январь-декабрь 2023 года. Статистика внешней и взаимной торговли. Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Бюро национальной статистики // URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (дата обращения: 23.07.2024).
Құрметпен, конференцияны Ұйымдастыру комитеті
«Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи өзара іс-қимыл, геосаяси сын-тегеуріндер мен ынтымақтастық перспективалары»
атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына
қатысушының өтінімі
Аты-жөні (толық) ___________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________
Қызметі: ________________________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _______________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________________________
Автордың мекенжайы:______________________________________________________________________
Факс, e-mail _______________________________________________________________________
Мақаланың қысқаша аннотациясы:___________________________________________________________