Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Мажарстан зерттеу институты арасындағы әріптестік

20

2025 жылғы 16 маусымда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақстандық делегация Мажарстан зерттеу институты басшылығымен кездесті.

Кездесуде  Д.Мәсімханұлы өзі басқарып отырған институттың тарихы, қазіргі жағдайы және зерттеу бағыттарымен таныстырды. Одан кейін тараптар екі жақты ынтымақтастықты, зерттеу саласындағы ғылыми әріптестікті дамыту, ортақ ғылыми жобалар әзірлеу, бірлесе жас ғалымдар даярлау, оларды тағылымдамадан өткізу мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Мажарстан зерттеу институтының ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары, профессор Сзабо Жанос (Szabo Janos) институттың құрылу тарихы, мақсаты, зерттеу бағыттары, бұл кездесудің маңыздылығына тоқтала келе, ғылыми-зерттеу саласындағы  ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты.

Келіссөз нәтижесінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Мажарстан зерттеу институты арасында өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл жолғы кездесуге Мажарстан зерттеу институтының ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары, профессор Сзабо Жанос (Szabo Janos), директордың кеңесшісі Болдисар Ксорнай (Boldizsar Csornay), Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің кеңесшісі Қамбаров Қайрат, PhD Болатбек Батырхан пен Нұртас Әбдімомынов қатысты.

Кездесу соңында Институт директоры Дүкен Мәсімханұлы профессор Сзабо Жаносқа Қазақстаннан әкелген сый-сыяпатын табыстады. Өз кезегінде мажарлық  ғалымдар қазақстандық делегацияға зор ризашылықтарын білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстап, ғылыми байланыстарды дамытуға әзір екендіктерін жеткізді.

Мажарстан зерттеу институтының негізгі міндеті – мажар халқының тарихын, тілін және шығу тегін зерттеу, ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелерін ең жоғары ғылыми сапада үйлестіру, бағалау және синтездеу,. Үкімет және Адам ресурстары министрлігіне қарасты институт өз жұмысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастады.

 

 

slot danahttps://cefta.int/