Ватикандағы әріптестік кездесу

16


2025 жылғы 6 маусымда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының жетекшілігімен қазақстандық ғалымдар делегациясы кезекті ғылыми іссапармен Ватикан қаласына келді.

Ғылыми ссапардың мақсаты — «BR24993132. Ватиканның және Батыс Еуропа елдерінің жаңа құнды материалдары бойынша Түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихы мен мәдениеті» атты ғылыми жоба аясында Ватиканның Апостолдық архивтері мен кітапханаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, бұл жоба шеңберінде Шығыстану институты мен Еуропадағы іргелі кітапханалар, архивтер және академиялық орталықтар арасындағы ғылыми әріптестікті нығайту көзделуде.

Іссапардың алғашқы күні делегация мүшелері Ватикан Апостолдық кітапханасының префекті Мауро Мантованимен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Ватиканда сақталған сирек әрі баға жетпес тарихи қолжазбалар мен құжаттарды зерттеу саласындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның Апостолдық кітапханасы және архиві арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін үш жылға ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл кездесуді ұйымдастыру жұмыстарына Қазақстанның Қасиетті Тақтағы (Ватикандағы) Елшілігі, атап айтқанда Елші Пірімбетов Тимур Владимирұлы, кеңесшілер Байсынов Әсет Ибраимұлы мен Оспанова Гүлнұр Садырқызы үлкен үлес қосты.

slot danahttps://cefta.int/