ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ – 2023: НЕ БАР, НЕ ЖОҚ

Өткен 2023 жыл ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты үшін өнімді де жемісті жыл болды. Жаңа 2024 жыл мемлекетіміз, халқымыз және Институтымыз үшін табысты, берекелі, ғылыми жетістіктерге толы жыл болсын!
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында 2023 жылы 2023-2024 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 2 жоба, 2023 жылға арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 2 жоба, ҚР ҒЖБМ Іргелі ғылыми зерттеулер бойынша 1 жоба, 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба, 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба орындалды.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 16 ғылыми жұмыс, оның ішінде отандық 12 мақала, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 6 мақала. 2 мақала Scopus және Web of Science базасындағы журналдарда. Шетелдік басылымдарда 4 мақала, 1 кітап-альбом жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 33 баяндамада ұсынылды, 1 авторлық куәлік алынды.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 3 халықаралық семинар және Жазғы мектеп өткізілді, «Шығыс» журналының 4 номері жарыққа шықты, отандық ғылыми басылымдарда 5 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала, шетелдік басылымдарда 1, 2 Scopus және Web of Science базасындағы журналдарда жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 19 баяндамада ұсынылды, БАҚ-та 2 жарияланды.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 1 монография, жұмыстың нәтижелері отандық ҚР ҒЖБСБҚ ұсынған ғылыми журналдарда 3 мақала; 2 конференцияда баяндама жасалды.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған ғылыми журналда 1 мақала, БАҚ-та 1 мақала, отандық ғылыми басылымдарда 5 мақала жарияланды, антологияның 3 томы баспадан шығарылды.


Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала, 1 монография, 2 жинақ жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 2 баяндамада ұсынылды.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала жарияланды.
Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 3 баяндамада ұсынылды, БАҚ-да 3 сұхбат берілді.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 3 баяндамада ұсынылды, БАҚ-да 7 сұхбат берілді, 1 әдіснамалық семинар өткізілді.

Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 2 баяндамада ұсынылды, БАҚ-та 1 мақала жарияланды.

Институт қызметкерлері жалпы 60 ғылыми еңбек жариялады, олардың ішінде: 7 – кітап пен монография, 2 жинақ, 51 ғылыми мақала, оның ішінде шетелде жарияланған мақалалар – 12, СКОПУС және Web of Science деректер базасындағы импакт-факторлы журналдарда жарияланған мақалалар – 4, ҚР ҒЖБМ ҒЖБСБК ұсынған журналдарда – 24, отандық ғылыми журналдарда – 27.
2023 жылы Институт қызметкерлері әртүрлі дәрежедегі халықаралық және республикалық конференцияларда 104 баяндама жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», телеарналар: «Қазақстан», «Хабар»» және интернет-порталдар) 41 мақала мен интервью берілді.

Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша:
1) «Ватикан және өзге Еуропа елдеріндегі дереккөздер, архивтер негізінде түркі әлемі мен Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихын, мәдениетін, халықаралық қатынастарын зерделеу» – ғылыми жетекшісі Жумагулов К.Т.
2) «Жаңа дүниетанымның қалыптасуы жағдайындағы Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі Исламның тарихи, саяси, әлеуметтік-мәдени және діни қырлары» – ғылыми жетекшісі Керім Ш.
Гранттық қаржыландыру бойыша:
1) «Қытай тарихи деректеріндегі Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тарихи-географиясына қатысты топонимдердің лингво-географиялық динамикасы» – ғылыми жетекшісі Д. Масимханулы Д.
2) «Ақмола өңірінің зияткерлік тарихы (қорымдардағы эпиграфика материалдары негізінде)» – ғылыми жетекшісі Муминов АК.
3) «Алтын Орда дәуіріндегі Батыс Қазақстан отырықшы елді мекендерінің тарихы: тұрмыстық материалдық мәдениетін қайта құру» – ғылыми жетекшісі Ужкенов Е.М.

– «Шығыс әлемі: Аңыз бен шындық» зерттеулер жинағы;
– «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары» атты 5 томдық көркем
аудармаларының жинағы;
– «Жүрегімнің жұмбағы» жыр жинағы;
– «Ұлт пен рух» ғылыми зерттеулер, әдеби портреттер жинағы;
– «Қытайдағы түркологиялық деректер мен зерттеулер» монография.

1) Тарих ғылымдарының докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі ғалым, Қазақстанның шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы – Көшім Лекерұлы Есмағамбетовтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан тарихының деректануы: архивтік қорлар, эпиграфикалық ескерткіштер» атты халықаралық конференция, 15 қыркүйек;
2) Жазғы мектеп «Исторические источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии тему: методология и новые подходы изучения», 28 қыркүйек.
3) Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи-мәдени һәм саяси ынтымақтастықтың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 11 қазан.

1. Мәсімханұлы Д., Сарқытқан Қ., Мұхаметханұлы Н., Тұрлығожаева А. – Ташкент, Самарканд (Өзбекстан);
2. Әбусейітова М.Қ., Шаймарданова Н.Ж., Табынбаева З.С. – Стокгольм (Швеция), Копенгаген (Дания);
3. Жугенбаева Г.С. – Ереван (Армения);
4. Әбусейітова М.Қ., Султангалиева Г.С. – Берн, Женева (Швейцария);
5. Оспанов Н. – Сеул (Корей Республикасы);
6. Каримова З.К. – Ташкент (Өзбекстан);
7. Ужкенов Е.М. – Душанбе (Тәжікстан);
8. Жумагулов К.Т. – Мюнстер (Германия);
9. Медерова Д.Е., Дюсенов Б.Д. – Дағыстан, Волгоград облысы (Ресей);
10. Жузбаева Ұ.Д. – «500 ғылыми тағылымдама» аясында – Индиана, Блумингтон
(АҚШ);
(АҚШ);
11. Кожирова С.Б., Нечаева Е.В., Белгожа Е.Қ. – Пекин, Шанхай (Қытай);
12.Молотова Г.М., Молотова Э.М. – Ташкент (Өзбекстан);
13. Айтжанова Д.А. – Ташкент (Өзбекстан);
14. Дүйсен Ғ.М., Белгожа Е.Қ., Сабыров А.С., Курманбаева Қ.С. – Ыстамбұл (Түркия).

2023 жылы Шығыстан институты келесі мекемелермен ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарттар мен меморандумдар жасалды: Ислам Ғылымдары Факультеті (Скопье қ., Солтүстік Македония), Ресей Ғылым академиясының қалмақ ғылыми орталығы (Қалмақ Республикасы), Халықаралық Орталық Азия институты (Өзбекстан, Ташкент қ.), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университетінің тарих факультеті (Өзбекстан, Ташкент қ.), Имам Бухаридің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы (Өзбекстан, Бухара қ.), Имам Тирмизидің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы (Өзбекстан, Термез қ.), Моңғолия Ғылым Академиясының Халықаралық зерттеулер институты (Моңғолия, Улан Батор қ.), “Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы (Қазақстан, Астана қ.), Сиань университеті (ҚХР, Сиань қ.), Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті РФБҒМ (РФ, Екатеренбург қ.)

1. Мәсімханұлы Д. – «Түрксой» медалі, «Күлтегін» медалі;
2. Мұқаметханұлы Н., Юсупов Р.Қ., Айтжанова Д.А. – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісі;
3. Джалилов З.Г., Рамазанов А.А., Медерова Д.Е., Нұрманова А.Ш, Торланбаева К.Ө., Сарқытқан Қ., Табынбаева З.С., Молотова Г.М., Белғожа Е.Қ., Молотова Э.М., Дүйсенов Б.Д. – ҚР ҒЖБМ «Құрмет» грамотасы;
4. Әмірбекова С.К., Оспанов Н.М., Құрманбаева Қ.С., Жүзбаева Ұ.Д., Хакім А.Е., Тұрлығожаева А.Д. – ҚР ҒЖБМ министрінің «Алғысхаты».

Қазіргі уақытта Институтта «Ғылым ордасы» ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізіндегі бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде “6D020900 – Шығыстану” мамандығы бойынша оқып жатқан докторанттар саны – 11.