Ғұламаға құрмет

1001

Адамзат тарихында ғылым-білімге ұмы­тылыс ең жоғарғы мазмұнды деңгей болса керек. Әл-Фараби өз заманында сол жарыққа ұмы­тылған ғұламалардың алды болып, дүние­нің «Екінші ұстазы» атанды. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшер­баевтың «Әл-Фараби әлемі және қазіргі Қазақстан» мақаласы ғұламаның ұлылы­ғын ұлықтап, тәрбиелік тағылым таразы­лап, өркениеттегі өнегесіне үңілдірді.

Шындығында, Әл-Фараби әлемін тану үлкен қажырлы еңбекті талап еді. Данышпанның ғылым саласын терең меңгеріп, философиялық толғамдар жасауы өз заманында үлкен құбылыс болса, бүгінде де өз өзектілігін жойған емес. Биыл ғұлама атымен аталатын Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінде мерей­тойлық жыл салтанатты түрде ашылған болатын. Шараны Мем­­лекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев арнайы ашып, мерейтой жылындағы ғылыми және мәдени шаралармен таныстырған еді. Шаралар елдегі және әлем­дегі эпидемиялық ахуалға қара­мастан, онлайн жүйеде түрлі платформаларда нәтижелі түрде жалғасты. Аса маңызды шараларда баяндамалар жасап, отандық және шетелдік фарабитанушы ғалымдар пікір алмасты.

Мемлекеттік хатшы өзінің мақаласында Әл-Фараби мен Абайдың рухани философиялық сабақтастығын сараптап, қос ғұла­­маның Шығыс пен Батыс әлемін үйлестірген ғибратын терең­­­нен баяндайды. Ол сөзін­де: «Әл-Фараби феномені – тең­десі жоқ құбылыс. Оның баға жетпес ғы­лыми мұрасының жалпы­адам­зат­тық маңызы бар. Ұлы ой­шыл – ор­та ғасырларда ірі сау­да ор­та­лы­ғы, ғылым-білім және мәде­ниет ошағы болған Оты­рар­дың ту­ма­сы. Ол – әлемдік дең­г­ейдегі тұ­ғыр­лы тұлға, біздің мақта­нышы­мыз» – деп ерекше атап өтеді.

Әл-Фарабиді тану – тәуелсіз­дігіміздің жемісі. Тәуелсіздік – тарихымызға үңіліп, өткенді таразылап, болашағымызды бағам­дауға, ұлы тұлғаларды ұлықтауға, олардан тәлім-тәрбие, білім алуға тәрбиеледі. Біздің халқымыз үшін Әл-Фараби мен Абай әлемінен алар тағылым мол. Сондықтан әр қазақ үшін қос ғұламаның рухани мәні асқақ бола беретіні сөзсіз.

Біз Әл-Фарабиді тану арқылы ұлтымызды, шаң басқан тарихымызды түгендеп, тереңде жатқан кәусар білім бұлағынан шөл қандырамыз. Сондықтан Әл-Фарабитану жұмыстары А.Машани, А.Қасымжанов секілді ғалымдардың тынымсыз ізденісі мен жоғары еңбегінің арқасында жүзеге асқанын ұмытпағанымыз жөн. Мақалада Қырымбек Көшер­баев осы ғалымдардың есімін ерек­ше атап өтеді. Бұл біздің ғылым саласы үшін үлкен құрмет, олардың бұрыннан жасап келе жатқан еңбектеріне берілген баға.

Ғылымның мақсаты адамзат­қа белгілі және белгілі емес сауалдарға жауап іздеп, үнемі дәлелдер жасауында. Сол арқы­лы адамзат өміріне оңтайлы өз­ге­рістер келеді. Белгілі бір қиын­дықтар жеңілдеп, жарқын өмірге ұмтылады. Ой-өрісі, санасы биік, ғылым меңгерген адам бақытқа өзі ғана жетіп қоймайды, айналасындағы досың, жұртың, халқың да бірге жетелейді. Қайырымды қала тұрғындары қалай қалыптасады? Адамда асыл қасиеттер болғанда, Әл-Фараби айтқан тәрбие болғанда ғана…

Мемлекеттік хатшы Қырым­бек Көшербаев Әл-Фараби еңбек­терін кеңінен сипаттай отырып, мақалада мемлекеттің бақытты болуы үшін жүзеге асырылатын бағ­дарламаларды да атап өтеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшы­сы­ның елеулі еңбегін де баяндайды.

«Ғұламаның бақыт философиясы азаматтық қоғамды өрке­ниетке жетелейтін ақыл-парасат бағдары болуға тиіс». Бұл жай ғана мақаладан үзінді. Бірақ мағыналы, мәнді сөз. Қанша заман өтсе де, ескірмейтін есті сөз. Мына қоғамға жол сілтеп, бағыт береді. Біз үшін ғұламаның еңбегі сонымен де құнды.

Мемлекеттік хатшы осы ма­қаласынан бұрын универ­си­те­тімізге келіп, Әл-Фараби мерей­тойлық жылын қоры­тын­дылау шарасына қатысқан еді. Онда фарабитанушы ғалымдармен жүздесіп, әлемде тұңғыш рет жа­рық көрген «Әл-Фараби» эн­ци­к­лопедиясының тұсаукесері өтті. Энциклопедияның маз­мұны тарихи деректер, мәлімет­тер, гео­графиялық нысандар, өмір­баяндық мәліметтер, ойшылдың өмір жолы мен ғылыми мұра­ларын, ұғымдар мен терминдер, араб-мұсылман Ренессанс кезеңіндегі белгілі ғалымдардың еңбектерін қамтиды. Онда заманауи зерттеушілер мен қазақ­стандық фарабитанушылар, сон­дай-ақ ислам философиясы, дін, мәдениет, ғылым және бі­лім мә­селелерімен айналыса­тын бар­­ша ғалымдар туралы биб­лио­­­гра­фиялық мәліметтер кел­тірілген.

Еліміздегі мерейтойлық шаралар әлі де жалғасын табуда. Ал Қ.Көшербаев мақаласы еліміз­дегі фарабитанушы ғалымдар мен қазақстандықтардың рухын көтеріп, ерекше тағылым қалдыр­ғаны анық.

Жақыпбек АЛТАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия кафедрасының профессоры

Дереккөз: https://egemen.kz/article/253962-ghulamagha-qurmet

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/