Қазақстанда қытайтану ғылымы қалай басталды?
Қазақстанның шығыстану ғылым, білімі: қытайтану мен жапонтану бөлімдері жайлы
Қытайтану. Шығыстанушы-қытайтанушы тарих ғылымдарының докторы, профессор, К.Ш. Хафизова халықаралық үлкен ғылыми конференцияға орай жазылған мақаласында: «Лишь в 1984 году при факультете казахской филологии в КазНУ им. Кирова (сегодня – КазНУ им. аль-Фараби) была создана кафедра восточной филологии, затем факультет востоковедения в 1989 году. Для открытия кафедры и роста его в самостоятельный факультет много усилии приложил доктор филологических наук, профессор А.Б. Дербисалиев – педагог, а затем дипломат и крупный религиозный деятель. В июне 2000 г. впервые в Центральной Азии светское лицо было избрано муфтием ДУМК. В начале на кафедре восточной филологии преподовали всего три языка: арабский, китайский и персидский. Кафедра китайской филологии открылась в 1991 г., возглавить ее был приглашен А. Дербисалиевым, автор этих строк т.е. Хафизова К.Ш» депті.
[Қазақстандағы шығыстану зерттеулері, жетістіктері мен болашағы. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. 12 қазан 2016 ж. Алматы 2016, 72 бет].
Осы ретте сәл шегініс жасай кетейін. 1977 жылы мен Мәскеудегі Шығыстану институтының аспирантурасын бітіріп келген соң, Алматыдағы Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына ғылыми қызметкер болып орналастым. Бірер уақыттан соң С.И. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ө.А. Жолдасбеков шақырады деген хабар жетті. Сөйтіп ол кісінің қабылдауына бардым. Жақсы әңгіме болды. 1975 жылы 29-сәуірде Қазақ ССР Министрлер кеңесі республикамызда араб тілін оқыту және оған қажетті кадрлар даярлау туралы арнайы қаулы қабылдаған екен. Соған орай ректор ағамыз маман іздестіруде екенін айта келе, университетке шақырды. Әуелгіде профессор З. Қабдолов жетекшілік ететін қазақ әдебиеті кафедрасына қабылдандым. Содан 1977 жылы қыркүйек айында филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түскен 50 студент ішінен араб тілін оқығысы келетін 12 шәкіртті таңдап алып оқыта бастадым. Болашақ шығыстану факультетінің іргетасы осылай қаланып еді. Шығыстану тек араб тілінен ғана тұрмайды емес пе?! Ойлана, ақылдаса келе болашақ факультеттің сызба жобасын жасадым. Араб бөлімінен соң парсы, одан кейін жоғарыда К.Ш. Хафизова айтқандай қытай тілі мен әдебиеті бөлімін, ал, 1984 жылы шығыс филологиясы кафедрасын ұйымдастырдым. Шығыстанушы оқытушылар әуелгіде жалпытілтану (кафедра общееязыкознание) кафедрасына топтастық.
Қытай тіл мамандарын табу өте қиын болды. Қытай тілін білеміз, оқытушылық қызметке алыңыз деген ұсыныспен Семятова, Құсайынов дегендер келді. Бірақ олар қытай тілін білгендерімен, тіл білімі бойынша түсінігі жоқ еді. Біреуі географ болса, екіншісі де басқа сала маманы боп шықты. Мен болашақ шығыстанушылардың қазақ тілін жақсы білетіндерден болуын ескердім. Сол себепті Ташкент университетіндегі шығыстанушылармен хабарласып, ұлты қазақ оқытушыларды іздестіре бастадым. Ол жақтан Мәди Нұрсаидов және Амантай Торғаев деген азамат жайлы хабар жетті. Сонымен Мәди Нұрсаидов жанұясымен Алматыға көшіп келді. Қытай тілінің Қазақстандағы тұңғыш оқытушысы да сол болды. Ол Өзбекстан астанасындағы университеттің шығыстану факультетінің қытай тілі бөлімін тамамдапты. Ол келуін келгенімен пәтер жағынан біраз қиындық көрді. Бірақ мойыған жоқ. Өз ісіне беріле кірісті. Содан соң Амантай ініміз де қытай тілінен сабақ беруге тартылды. Үшінші жігіт нағыз қытай азаматы Ли Гуан еді. Ол да Ташкентте Нұрсаидов Мәдимен бірге оқыған екен. Ол да көңілден шықты. Өзі әрі момын жігіт боп шықты. Қытай тілі ғана емес, қазақ тілінен де хабары бар екені байқалды. Өйткені ол Қазақстанда туылған Қазақстан Республикасының азаматы еді. Ол Алматыда тіркемесі болмағандықтан, ұмытпасам Алматы облысы Есік қаласынан барып келіп қызмет етті. Үшеуі де студенттерді өз пәндеріне қызықтыра алды, үйіріп әкетті. Студенттер де қытай тілін аса бір құлшыныспен оқыды.
Шығыстану факультетінде қытай тілі және қытай тарихы оқытыла бастағаннан бастап аға оқытушы Нұрсаидов Мәди қытай тілін оқытып үйретуде зор еңбек сіңірді. Ол қытай тілін оқытудағы программалар мен талаптардың өзгеруіне байланысты, әр жылдары қытай тілін оқытудың бірнеше бағдарламасын құрастырды. Ол бағдарламалар университет баспасында жарық көрді. Осымен қатар Нұрсаидов Мәди бірнеше оқу құралдарын жазып, бұл оқу құралдары дәріс жүргізуде пайдаланылды, атап айтқанда: «Қытай тіліндегі есім сөздер», «Қытай тіліндегі жәрдемші сөздер», Кафедра оқытушылары Анипина Әлия және Досымбекова Рауанмен бірлікте «Қытай тілінің фонетикасы», «Қытай тіліндегі антоним сөздер», «Қытай мәтіндері», Ахметқызы Гүлжанмен бірге «Экономика және мұнай саласындағы терминдер сөздігі» (үш тілде қытайша-қазақша-орысша) «Қытай каллиграфиясының шығу тарихы» Анипина Әлиямен бірлікте. Мәди бірнеше кафедра меңгерушілерінің ауысуына байланысты оқу орында меңгерушінің міндетін қызметінде абыроймен атқарып жүрді. Осы жылдары өз түлектерімізден кафедрадағы мұғалім болып қалған жас мамандарға өз ақыл-кеңесін беруде ол еш көмегін аяған емес. Қытайтанушы жас мамандар ағайларына шын көңілден риза болысты. Әрине кафедраның басқа да мұғалімдері оқулықтар мен оқу құралдарын университет баспасынан шығарып сабақ өткізуге пайдаланып отырды.
Кафедрада Мәдидің жасы үлкендігі мен қытай тілінде дәріс беруде еңбек стажының көптігіне байланысты, оның мұндай іс-әрекетін лайықты бағалап отырдық.
Сонымен алғашқы кезде яғни 1989-1990 жылдары қытай тілі мамандығындағындағы топ араб тілі кафедрасының аясында болды. Осы жылы қытай тілі филологиясына 10 талапкер, қытай тарихы бойынша 7 талапкер студент болып қабылданды. 1989–1990 жылы бұл бөлімде үш қытай тілі маманы жұмыс істеді, бұлар: Нұрсаидов Мәди, Ли Гуан, Торғаев Амантай еді. Көп ұзамай Торғаев А. Сыртқы істер министрлігіне ауысып кетті, ал Ли Гуан жеке шаруашылығын ашып басқа кәсіпті мұрат етті. 1991 жылы араб тілі кафедрасынан, қытай тілі мен тарихын өз алдына кафедра етіп шығардым. Кафедра басшысы болу үшін ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі болу керек еді. Ондай адам да табылды. Ол Қазақ ССР ғылым академиясында қызмет істеп жүрген Клара Шайсұлтанқызы Хафизова еді. Сол кісіні кафедра басшысы етіп тағайындадым. Сондай-ақ бірте-бірте Қытайдан мұғалімдер шақырта бастадық. КазМУ-де әр жылдары қызмет еткен қытай азаматтары мыналар: Чжао Цзяньсин, Ли Вэньчан, Ху Айхуа, Мухаббат т.б. Ұлты қытай болғандықтан бұл кісілер негізінен ауызекі қытай тілінен, сондай-ақ қытай тілі мен әдебиетінен де сабақ берді.Ұлты қазақ азаматтар: Еркін Әкімханұлы, Дүкен Мәсімхан, Ахметжан Хайбар, Батюшева Гульфия, Аманжолова Елдана, Айыпұлы Рахым, Садуақас Серік т.б. Бұлар дәрісті қытай тілінде жүргізіп түсіндіруін курстық жоғары төмендігіне байланысты қазақша айтты. Бұлар Пекиндегі аз ұлттар және Үрімші педагогикалық Институтының түлектері болатын. Әрбірінің мұғалім болып істеген стаждары да болды. Сөйтіп бірте-бірте қытай тілі оқытушыларының саны өсе түсті.
Осылай күндер мен айлар жылжып өтіп шықты. Бірде Үрімші университетімен ынтымақтастық жайлы мәмлеге келуді қолға алдық. Ректор К. Нәрібаев, профессор З. Қабдоловтан тұратын делегация Үрімшіге аттанды. Олар университетаралық қызметтестік жайлы келісмшарт жасасып қайтты. Ол бойынша Үрімші университеті бізге қытай тілі бойынша ұстаздармен қамтамасыз етуге тиіс еді. Арадан біраз уақыт өткен соң Үрімшіден екі оқытушы келді. Бірақ өкінішке орай оқу орнымыз Үрімшілік оқытушыларға тиісті тұрмыстық жағдай жасай алмады. Үрімшілік мұғалімдер студенттер жатақханасында тұруға мәжбүр болды. Осындай қиыншылықтарға шыдай алмай олардың біреуі еліне қайтып кетті.
Бірте-бірте КазГУ-дегі қытай тілі бөліміне ұлты қазақ қытайлық бауырларымыз да келе бастады. Ол жақтан Шара Таңжарыққызы деген маман келіп, біраз ұстаздық етті. Сондай-ақ Пекиндегі солтүстік политехникалық университетінің Ли деген ұстазы келді. Ол да көңілден шықты. Елдерінен алыста жүр ғой деп, анда-санда ұстаз Ли мен парсы тілінің мұғалімдері қандастарымыз Асхат Оразбаев (Қырғызстан) мен Ирандық Ислам Жеменейді үйге, дәмге шақырып тұрғаным да жадымда. Олар да өз істерін абыроймен атқарды. Сөйтіп жүргенде мен университеттің проректоры етіп тағайындалдым. Бірақ шығыстанушыларды проректор ретінде қамқорлыққа алу ісі маған қалдырылды.
Клара Шайсұлтанқызы 1991–1995 жылға дейін қытай тілі кафедрасын басқарды. Соңыра ол КазГУмен жасалған келісімшартқа орай Ланчжоу университетіне ғылыми іссапарға кетті.
Кафедра меңгерушісі Клара Шайсұлтанованың Қытайда бітірген қазақ азаматтары арасында сабақты қалай өткізу керектігі туралы түсініспешіліктер де болмай қалған жоқ. Клара Шайсұлтанқызы олардан Кеңес одағы студенттеріне қойылатын талапты орындауды талап етті. Бірыңғай тәртіпке шақырды. Мысалы: бағдарламамен сабақ өткізіп, күнделікті сабақ конспектілерінің болуын сұрады. Бұл әрине дұрыс еді. Клара Шайсұлтанова бірыңғай тәртіп болуы керектігін Қытайдан келген мұғалімдерге шыдамдылықпен түсіндірумен болды. Бірақ олар Қытайдың сабақ жүргізу әдісінен шыға алмады. Оның үстіне қытай тілінен төл оқулығымыз да болмады. Қытай тілі Қытайда шыққан оқулықтармен өткізілді. Бұның өзі сабақ өткізудегі ала-құлалықтар туғызды. Бұған риза болмаған Клара Шайсұлтанова кафедра басшылығынан бас тартып, жұмыстан шығып кетті.
Клара Шайсұлтанқызы қызмет істеген кезде қытайтану бойынша мамандар дайындау бір жүйеге түсіріліп, оқу бағдарламасы ретке келтіріліп еді.
2019 жылдың 25-сәуірінде Алматыдағы Ғылым Ордасында Клара Шайсұлтанқызының 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Онда оны мен де құттықтадым. Құттықтауымда былай дедім.
Құрметті Клара Шайсұлтанқызы!
Сізді Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұжымы және өз атымнан мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Сізді көрнекті ғалым, белгілі шығыстанушы, ұлағатты ұстаз ретінде білеміз және құрметтейміз. Білім пен ғылым саласына өміріңізді арнай отырып, екі саланы қатар ұштастырдыңыз. Ташкент мемлекеттік университетінде «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша білім алып, кандидаттық және докторлық диссертация қорғадыңыз. Сіз еліміздің қытайтанушыларының көшбасында тұрған бірегей ғалымсыз.
Еңбек жолыңызды еліміздің Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтында кіші ғылыми қызметкерден бастап, Ұйғыртану институтында жалғастырдыңыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қытай тілі кафедрасының меңгеруші, Қазақстан стратегиялық зерттеу институтында жетекші, бас ғылыми ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қайнар университеті Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының директоры және Қайнар университеті жанындағы Қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры тәрізді аса маңызды қызметтер атқардыңыз.
Сіз әлі де қазақ-қытай тарихи байланыстары, қытайтану саласын және халқымыздыздың төл тарихын зерттеу мен зерделеуді табындылықпен атқарып келесіз. Сіз парасатыңыз кемелденген, өз орныңыз, мектебіңіз бар ғалымсыз. Осы кезге дейін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері мен деректануға арналған көптеген құнды кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторысыз. Соның ішінде «Цинская империя и казахские ханства. Кн. 1-2.» Алматы, 1989; «Международные отношения в Центральной Азии. Кн. 1-2», Москва 1989; «Документы и материалы по истории Казахстана, Средней Азии и Восточного Туркестана». Алматы, 1994; «Китайская дипломатия в Центральной Азии. XIV—XIX в». Алматы, 1995; «Казахская» стратегия Цинской империи», Алматы, 2007; «Диалог цивилизаций Центральной и Восточной Азии, Алматы, 2013» т.б. еңбектеріңізді ерекше атап айтуға болады. Осы жолда шаршамай, шалдықпай әлі де жетер жетістігіңіз мол болсын!
Клара Шайсұлтанқызы!
Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтай отырып, басыңызға бақыт, отбасыңызға бақ-береке, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Халқымыздың мүддесі жолында әлі де еңбек етіп, мерейіңіз арта берсін! Барлық арман-тілектеріңіздің орындалуына тілектеспіз.
Сізге деген Алланың нұры мен шапағаты шексіз болғай!
Бұл менің К. Хафизованың қытай тілі мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін ризашылығым да еді.
1991–1996 ж. кафедраға оралман ретінде Д. Мәсімхан, А. Аманжолова, Е. Акимханұлы, А. Қойбайұлы, С. Садуақас және 1994 жылы кафедраның доценті болып жазушы-публицист марқұм Жақсылық Сәмитұлы, сондай-ақ шақырумен Чжао Цзяньсин, Чан Вэньчан, Г. Батюшева секілді ұстаздар келіп қызмет етті.
Дүкен Мәсімханұлы ақын, жазушы еді, кейінірек филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оның «Қытайша-қазақша сөздігіне» жақсы баға бергені есімде.
Марқұм Жақсылық Сәмитұлын мен Сауд Арабиясында дипломатиялық қызметте жүргенімде Меккеде көрдім. Ол онда қажылық сапармен келген екен.
Шығыстану факультеті филология факультетіндегі Шығыс филологиясы мен тарих факультетіндегі Азия және Африка кафедраларының негізінде құрылды, яғни ол шығыстанушы филолог, шығыстанушы – тарихшы мамандар даярлады. Кейінірек оның орынды да дұрыс ойластырылғаны дәлелденді.
Қытай тарихы бойынша әуелде 17 студент оқыды. Олардың бірқатары соңыра Қытайдың жоғары оқу орындарында біліктілік арттыруға жіберілді.
Олардың арасынан қазір Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, Қойшыбаев Ғабит, Серік Нарысов Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, дипломаттары шықты. Филолог қытайтанушы жас ғалым Фатима Дәулетова диссертация жазып PhD докторы ғылыми дәрежесін алды.
Осы ретте орайы келіп тұрған соң Шахрат Нұрышевке тоқтала кетейін. Шет елдердің Жоғарғы оқу орындарында тілдік біліктілік арттырудан өтуге ҚазМУ-дің шығыстану факультетіне арнайы орындар бөлінген кезде осы тілден сабақ беретін оқытушыларды ертіп, студенттер ортасына баратын дәстүр қалыптастырдым. Қытайдың жоғарғы оқу орындарына 5 орын бөлінген соң, әдеттегідей сонда бардық. Студенттер өз орталарынан 4 студенттің атын атады. Солардың ортасында Қазақстанның Қытайдағы қазіргі елшісі Шахрат Нұрышев жоқ еді. Мен студенттерге: «Неге Шахратты ұсынбайсыздар. Ол оқу озаты. Курс старостасы. Әділет қайда?» деп реніш білдірдім. Бәрі үндемеді. «Олай болса оны мен ұсынамын»,- дедім. Шахрат сөйтіп біліктілік арттыруға бесінші болып ілікті. Арада сынаптай сырғып біраз уақыт өтті.
Бірде Шахраттың әкесі хабарласып: « Ұлым үйленбек, соған бас құда болып жүріңіз, ұстазысыз» деп өтініш жасады. Алматының Самал ықшам ауданындағы болашақ құданың үйіне бардық. Олар жақсы қабылдады. Құдалық соңы Шахраттың үйленуіне ұласты. Кейінірек Шахраттың әкесі Шәкизат кенет қайтыс болып кетті. Осы жәйттер Шахраттың есінде ме жоқ па білмеймін. Мен үшін қызметтегі өзім тәрбиелеп өсірген, әрбір шәкіртімнің өмірдерегі есімнен шыққан емес. Мен дәріс берген студенттер арасынан 10 елші шықты. Ол мен үшін үлкен мақтаныш.
Сонымен жоғарыда айтылғандай Клара Хафизова басқа қызметке ауысып кеткен соң, қытай тілі кафедрасы араб филологиясы кафедрасына қосылды. Соңыра қытайтанушы доцент Тохметов А.Т. қызметке тартылғаннан кейін, менің тікелей көмегім, қолдауыммен 1995 жылы қытай-жапон кафедрасы ұйымдастырылды.
Тохметов А.Т. Абай педагогикалық Институтына ауысқаннан соң кафедраны Нұржамал Алдабек басқарды.
Міне осы Нұржамалдың басшылығында қытай тілі мен әдебиеті кафедрасы жақсы нәтижеге жетті. Біріншіден, мұғалімдер орны өзіміздің түлектермен толықтырылып отырды. Екіншіден, қытай тілі мен әдебиетінің сөздіктерін өз түлектеріміз жаза бастады. Бұның өзі кафедраның толысып жетіле бастағанының басты көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанда қытайтанушылардың дайындала бастағанына биыл, яғни 2019 жылы 30 жыл болады. Осы аралықта дайындалған мамандар достас көршілес екі ел арасындағы тарихи, мәдени, саяси, экономикалық байланыстың биік белеске көтерілуіне өз үлестерін қосып келеді.
Мен 1997 жылы сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен Сауд Арабия мемлекетінің астанасы Риядта ашылған елшілікте дипломатиялық жұмысқа ауысып кеттім. Содан бері 32 жыл өтсе де, бір кездері өзім негізін қалаған шығыстану факультетімен байланысты ешқашан үзген емеспін. Әруақыт факультеттің түрлі іс-шараларына қатысып, ақыл-кеңес беріп тұрамын. Шығыстану факультетін негізін қалап, ашқаным мен үшін мақтаныш. Кеңестік дәуірде-ақ еліміз үшін осындай факультеттің негізін қалап, шығыстанушы мамандар даярлау арқылы мен Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне қызмет еттім деп білем. Ол шынында да солай.
Жапонтану. Қытай тілі мен әдебиеті бөлімінен соң, енді жапонтану бөлімін ұйымдастыруға кірістім. Өкінішке орай Қазақстанда жапон тілін білетін бірде-бір адам табылмады. Жапон тілін білем деп ұлты кәріс, бірақ мамандығы бойынша музыка саласының маманы келді. Қарт кісі екен. Әйтсе де оның да жапон филологиясы саласынан хабары жоқ еді. Сөйтіп қиналып жүргенімде әлдебір кісіден Бішкекте бір жапон жігітінің мамандығы емес, өзге кәсіпте қызмет етіп жүргенін, түрік тілін білетіні жайлы хабар естідім. Дереу іздестіре бастадым. Таптым. Алматыға шақырдым. Келді. Біраз әңгімелестік. Оған студенттер жатақханасынан бір бөлме алып бердім. Сөйтіп ол жапон тілінен сабақ бере бастады. Аты Хироши Окауа еді. Бұрындары Түркияда істеген бе? Ол жағын ұмытыппын. Хироши өз ісін құрметтейтін, оған аса жауапкершілікпен қарады. Студенттермен тіл табыса білді. Сонымен жапон тілі мен әдебиеті бөлімін қытай филологиясы жанынан 1992 жылы ашуды жөн көрдім. Ол кезде мен проректор болып тағайындалғанмын. Шығыстану факультетіне қамқорлық (куратор) ету де маған тапсырылғанын жоғарыда айттым. Сол себепті қызметке байланысты бір проблема туындай қалса, ұстаздар мен студенттер маған келетін. Мен олардың әкесі мен шешесіндей болдым.
Жалғыз Хирошимен жапон бөлімін өркендету өте қиын еді. Сөйтіп жүргенде 1994 жылы университетіміздің 60 жылдық мерекесі тойланатын болды. Оны ұйымдастыру ісі маған тапсырылды. Мәскеудегі М. Ломоносов атындағы университет жанында Азия және Африка институты болатын. Мерекелік іс-шараға соның директоры профессор М.С. Мейер бастаған, құрамында Г.М. Габучян (арабист), М. Киктев (арабист) бар арнайы делегация келді. Бұларды мен бұрыннан жақсы білетінмін. Барыс-келісіміз де бар еді.
Мәскеу делегациясы мерекелік іс-шаралардың бәріне бастан-аяқ қатысты. Реті келгенде оларды үйге шайға шақырдым. Онда шығыстану факультетінің болашағы, проблемалары жайлы әңгіме болды. Оқытушылар жетіспей жатқанын айттым. Профессор М.С. Мейер жақсы бір ұсыныс жасады. Азия және Африка институты жанында шығыс тілдері бойынша 2 жылдық курс болатын. М.С. Мейер соған талапкерлер жіберіңіз, әуелде ұстаздық етуге солар жарайды деген соң, филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп жатқан Ақылбек Камалдиновты жапон тілін, философия факультетін аяқтап жатқан Мұхтар Тілеубердиевті, журналистика факультетін тамамдап жатқан Баударбек Қожатаевты жапон тілі бөліміне, университеттің араб тілі бөлімінің түлегі Қайрат Сәкиевті парсы тілі бөліміне қайта дайындықтан өтуге жібердім. М.С. Мейер оларды жақсы қабылдады. Олар 2 жыл оқып КазМУ-ге, шығыстану факультетіне қайтып оралды. Тек Қайрат Сәкиев қана КазМУ-ге оралмады. Сонымен Ақылбек Камалдинов пен Хироши Окауа екеуі жапон тілін оқытуды сәтті аяқтады. Бұл маған біраз жеңілдік жасады. Ортақ істі алға жылжытты. Хироши Окауа күндердің күнінде Жапониядан осы тілдің тағы бір маманы Т. Сакайдо атты азаматты тауып келді. Сонымен жапон тілінен сабақ беретін ұстаздар саны үшеуге жетті.
Хироши тұңғыш рет «қазақша-жапонша тілашар» жазып шықты. Хирошимен кейде кездесе қалғанда сұхбаттасып та тұрушы едік. Оның: «жұрттың бәрі жапондарды бай, ауқатты деп ойлайды. Мен қарапайым жанұядан шыққанмын. Әкем балықшы» дейтіні әлі есімде. Т. Сакайдо Токиодан Мәскеу арқылы Алматыға түн жарымда келетін болған. Сондықтан да Хироши Алматы әуежайына барып, түнімен орындықта ұйықтап шыққан, сөйтіп таңсәріде ғана келген Т. Сакайдоны күтіп алғанын естідім. Оның не? Қажет болса көлік ұйымдастыратын едік қой дегеніме ол: ыңғайсыз емес пе деп жылы жымиды. Сөйтіп ұстаздар тапшылығынан да бірте-бірте құтылдық-ау. 1996 жылы алғашқы түлектеріміз оқуын бітірді. Солардың ішінен бірнешеуін факультетке алып қалдық.
Мәскеудегі Азия және Азия институтындағы екі жылдық курсты бітіріп келген Ақылбек Камалдинов ҚР Сыртқы істер министрлігінде, одан кейін Токиодағы елшілігімізде түрлі қызметтер атқарды. Ақырында Қазақстанның осы елдегі елшісі болса, Мұхтар Тілеубердиев те ҚР Сыртқы істер министрлігіне ауысты. Дін қызметінде жүргенімде бірде Мұхтар Тілеубердиевтің Қазақстанның Малайзиядағы елшісі екенін естідім. Қазір ол (2019 ж.) ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Баударбек Қожатаев та Оңтүстік шығыс Азия елдерінің бірінде Қазақстанның елшісі деп естідім.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған селосында жаңадан салынған мешітті ашу үшін облыстың әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев екеуміз сонда аттандық. Желтоқсан айы. Жерде қар мол. Қаратау асуында машинамыз аударылып қала жаздады. Құдай сақтап қалды. Мешітті ашқан соң әлігі асу арқылы өтіп жолай Шаян селосына тоқтадық. Біраз киіз үйлер тігілген екен. Жұрт қонақжайлылық танытып күтті. Бас мүфти мен облыс әкімі күніге келе бермейді ғой десе керек.
Біз сұхбаттасып отырғанда жұрт арасынан бір кісі рұхсат сұрап, әңгіме бастады да маған қарап: «Әбеке, мен шәкіртіңіз Мұхтар Тілеубердиевтің әкесімін. Сіздің шарапатыңыздың арқасында Мұхтар дипломат болып кетті. Рахмет сізге» дегені әлі есімде.
Бір күні Ресей астанасынан Мәскеу мемлекеттік университетінің пророекторы телефон соқты. Ол: «Мәскеуге іссапармен келген Токиодағы халықаралық қатынас университетінің ректоры, Алматыға барғысы келеді, қабылдай аласыздар ма» деп сұрады.
– Келсін, неге қабылдай алмаймыз. Қарсы аламыз. Қонақты оқу орнымызбен таныстыра да аламыз дедім. Бірнеше күннен кейін ректор мырзаны Алматы әуежайынан күтіп алдым. Қасымда ағылшын тілінің мұғалімі, тілмаштық етті. Мейманханаға орналастырдық. Ол факультеттерді аралап көрді. Шығыстану факультетіндегі қытай және жапон бөлімдері туралы да айттық. Оны біздің жапонтану бөлімі қызықтырды. Жапон тілі сабақтарына кіріп көрді. Мұғалімдермен сұхбаттасты. Студенттердің сұрақтарына, студенттер жапон ректорының сауалдарына жауап берді. Алматы сапары оған ұнады. Сапарының соңында оны дастархан жайып күттік. Әңгіме арасында мен оның мамандығы жайлы сұрап қалып ем, ол мамандығы бойынша шығыстанушы, арабист екенін айтты.
Білмегендіктен, ол Алматыға келгелі онымен ағылшын тілі мұғалімі арқылы сөйлесіп келдік емес пе? Одан әрі екеуміз енді арабша сөйлесе бастадық. Кетерде ол мені Токиоға шақырды. Өзінің университетімен танысып қайту жайлы ұсыныс жасай келе: «Сіз Токио университеті студенттеріне Қазақстан тарихы мен мәдениеті жайлы лекция оқып беріңіз. Сол үшін мен сіздің біздің елге барып қайту шығыныңызды көтерейін» деген ұсыныс жасады.
Мен олай болса ҚазМУ-дің ректоры профессор Көпжасар Нәрібаевты да шақырғаныңыз жөн болар. Әйтпесе ыңғайсыз болады дедім. Ол келісті де еліне аттанып кетті.
Көп ұзамай Жапонияға шақыру да келді. Көбекең екеуміз Токиоға Мәскеу арқылы түнімен ұштық. Таңертең Токионың Нарита әуежайына келіп қондық. Әуежайдан бізді ректор мырза күтіп алды. Одан соң әуежай астындағы электричкаға отырып Токионы бетке алдық. Қаладағы әдемі бір қонақүйге жайғастық. Күн ұзамай Токио университетімен таныстық. Оқушыларымен сұхбаттастық. Судандық магистр араб жігіт маған тілмаштық етті. Ол менің лекциямды жапондарға ағылшын тіліне аударып отырды. Жапон музейінде де болдық. Ресми кездесулерге ректор мырзаның өзі ертіп жүрді. Токиода араб елдерінен де магистрлер оқиды екен. Олар да Қазақстандық арабша сөйлейтін кісімен (менімен) танысып мәре-сәре болып қалысты.
Токиодағы Таяу және Орта шығыс институтының шақыруымен магистр жас қыздың диссертация қорғауында болдым. Тақырыбы «Орта Азиядағы медреселер тарихы» екен. Рецензент ретінде пікір білдірдім. Оны да Судандық тілмаш аударып отырды.
Токионы біраз аралаған соң, елдің солтүстігіндегі Ниигата атты қалаға бардық. Ол теңіз жағасында екен. Ниигата жұртының біразының орысша білетіні де байқалып тұрды. Ниигатада үлкен балық базары бар екен. Онда да болдық. Біз Ниигатаға Шикансен атты поезбен бардық. Ол жылдам жүрдек пойыз екен.
Токионың Ахихабара атты мөлтек ауданына да зиярат еттік. Киім-кешек біздің елмен салыстырғанда онда қымбаттау екен. Жапонияға сөйтіп 1993 жылы 17-29 мамырда болып Мәскеу арқылы елге оралдық. Келген соң көрген, білгеніміз туралы жапон бөлімінде оқитын студенттерге әңгімелеп бердім. Студенттер іштей қашан Жапон еліне барар екенбіз деп армандап отырғанын сезбеу мүмкін емес еді.
Кафедра Жапонияның Қазақстандағы елшілігі және Жапон-Қазақстанның адами ресурстар орталығымен шығармашылық бірлестікте жұмыс істеcе, Жапон елшілігі кафедраға қаржы жағынан көмек көрсетті. Бұл ретте олар кафедраның оқу процесі үшін компьютер, оқулықтар және өзге де материалдық жағынан қол ұшын берді. Елшілік студенттердің біліктілігін арттыру мақсатымен лингафон кабинетін тарту етсе, енді бірде жапон тілінен сабақ беретін тәжірибелі оқытушылар жіберіп отырды. Сондай-ақ жыл сайын кафедраның Қазақстандық жапонтанушы оқытушылары Жапонияға барып біліктілігін арттыруда. Сондай-ақ жапон тілінен сабақ беруде төмендегі Жапондық ұстаздар еңбегін де атап өткен жөн. Олар: Сакайда Т., Мураучи Т., Ооба С., Игуса И., Окамото Х., Нагаи К., Нагаи Т., Тада Х., Хигучи К., Итабачи Т., Ясуда К.
2018 жылдың күзінде Астанадағы Жапония елшілігінен телефон соғып, Қазақстанда әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің шығыстану факультетіндегі жапон тілі мен әдебиеті бөлімін ашқан азамат туралы білгіміз келеді деп бірнеше рет өтініш жасады. Сонан соң Институт директорының халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Л.Е. Ерекешова КазМУ-мен хабарласып, оның архивін көтеріп, осы мәселені біраз зерттеген соң, Жапон елшілігінің үшінші хатшысы Хироуми Симасэ мырзаға 2018 жылдың 7-қарашасында төмендегідей ресми хат жіберді.
г-ну Хироуми Симасэ,
третьему секретарю
Посольства Японии в РК
Уважаемый г-н Хироуми Симасэ!
В ответ на Ваше письмо о рассмотрении вклада казахстанских лиц в укрепление сотрудничества с Японией, направляем нижеследующую и информацию о деятельности проф. А. Дербисали по созданию кадров в области японоведения в Республике Казахстан.
Директор института востоковедения МОН РК (с 2013 г.), проф. Абдсаттар Дербисали ранее, в 1989 – ноябре 1991 г. работал деканом факультета востоковедения, а затем, с ноября 1991 г. по апрель 1997 г., являлся проректором по международным отношениям и развитию языка КазНУ им. аль Фараби.
Несколько ранее, он инициировал создание в 1977 г. на филологическом факультете Казахского государственного университета им. С. Кирова (с 1991 г. – Казахский Национальный университет им. аль-Фараби) арабского отделения, где студенты стали обучаться по специальности арабский язык и литература. В 1979 году на базе этого отделения он создал кафедру восточной филологии, на которой впоследствии стали преподавать языки и литературу стран Востока – турецкий, урду, хинди, китайский, корейский, персидский.
В 1991 году, несмотря на трудности, он при указанной кафедре организовывает также и отделение японского языка и литературы. На тот период в Казахстане почти не было специалистов японоведов. Однако, профессор А.Дербисали предпринимает усилия по поиску специалистов, преподавателей, в результате которых он находит господина Хироши Окава, на тот момент проживавшего в Киргизской республике. Проф. А. Дербисали приглашает его в КазНУ в качестве преподавателя. Так начиналась изучение японского языка и литературы в Казахстане.
В 1992 году по приглашению А. Дербисали для преподавания японского языка из Японии прибыл еще один преподаватель японского языка, т.е. господин Т. Сакаида таким образом число преподавателей японского языка, граждан Японии, увеличилось до 2 человек. Хочется отметить высокопрофессиональную, добросовестную работу данных преподавателей. Окава Хироши, в частности, впоследствии написал «японско-казахский разговорник».
В связи с острой нехваткой преподавателей японского языка и специалистов японистов, А. Дербисали, согласно договору с руководством Института стран Азии и Африки при МГУ им. Ломоносова (г. Москва) направляет выпускника филологического факультета КазГУ Акылбека Камалдинова для изучения японского языка в указанный институт. После окончания 2-летних курсов А. Камалдинов возвращается в КазНУ и ведет впоследствии преподавание японского языка, а затем он приглашается в МИД РК. Через некоторое время МИД РК командирует его в г. Токио, для работы в Посольстве Казахстана в Японии в качестве консула, а затем, уже через несколько лет – в качестве Посла РК в Японии.
В 1993 году в Алматы с визитом приехал ректор Токийского международного университета, который был принят ректором КазНУ проф. К.Н. Нарибаевым и проректором профессором Абдсаттаром Дербисали. Токийский гость ознакомился с работой японского отделения и остался доволен. Перед отъездом в Токио он пригласил ректора и проректора А. Дербисали посетить Японию.
В июне 1993 г. ректор К.Н. Нарибаев и проректор А.Дербисали выехали в Японию (за счет приглашающей стороны) для проведения переговоров о межуниверситетском сотрудничестве и чтения лекций в Токийском международном университете, Институте стран Ближнего Востока. Проф. А. Дербисали прочитал лекцию по истории литературы и культуры казахского народов, а профессор К. Нарибаев по экономике Казахстана.
В конце пребывания был подписан Договор о межуниверситетском сотрудничестве между КазНУ им. аль Фараби и Токийским международным университетом.
В 1997 году профессор А. Дербисали был приглашен на дипломатическую работу в МИД РК. В 1997 – 2000 гг. он проработал в Посольстве Казахстана в Королевстве Саудовское Аравия.
Такова вкратце история изучения японского языка и подготовки кадров по указанной специальности. Это стало возможным благодаря достижению независимости РК в 1991 г.
Созданное профессором А. Дербисали в 1990 годы прошлого века отделение японского языка и литературы сейчас развивается и стало полноценным отделением на факультете востоковедения КАзНУ им. аль Фараби, подготавливая высококвалифицированных специалистов, регионоведов японистов для Казахстана.
С уважением,
Зам. Директора
по международным связям, д.и.н. доц. Л.Г. Ерекешева
Хатты алған соң Хироуми Симасэ мырза осы мәселені анықтау үшін Хироши Окауа мырзаны Жапониядан тапқанын, өз кезегінде ол Қазақстанда жапон тілі мен әдебиеті бөлімін ашуды ұйымдастырған, осы істің басы-қасында кезінде КазМУ-дегі шығыстану факультетінің деканы, сосын проректоры болған профессор Әбсаттар Дербісәлі екенін растапты. Хироши Окауа қазір Токиода Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде қызмет етеді екен.
Жапония үкіметі Жапон-Қазақстан достық, мәдени байланысына үлес қосқан бірнеше Қазақстан азаматтарымен қатар, профессор Әбсаттар Дербісәліні де Жапон орденімен марапаттау мәселесін ойластырып жатқанын Ерекешова Лаура ханымға мәлімдепті.
Осы ретте айта кететін КазМУ-дегі мен ашқан шығыстану факультетін бітірген, қолымда қызмет еткен шәкірттердің арасынан, яки азаматтар арасынан Шахрат Нұрышев Қытайда, Ержан Мұқашев Оманда, Арман Исағалиев Египетте, Азамат Бердібаев Йорданияда, Асхат Оразбаев Иранда, Ақылбек Камалдинов Жапонияда, сонан соң Канадада, Берік Арын Сауд Арабиясында, Алмас Әбдіраманов Кувейтте, Қайрат Лама-Шариф Біріккен Араб Әмірлігінде, Асқар Шоқыбаев Катарда Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, Бақыт Арыстанов – Либияда сенімді өкіл, Мұхтар Тілеубердиев ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Ақылбек Камалдинов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Берік Арын Дін істері вице-министрі секілді жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқаруда. Индияда және т.б. бірқатар елдерде менен тәлім алған дипломаттар көп екенін мақтаныш етемін. Осылай мен Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне қызмет еттім деп ойлаймын.
Мен жоғарды айтқанымдай 1997 жылы сәуірде, дипломатиялық қызметке ауысып кеттім де, қайтып Хироши Окауаны көре алмадым. 2018 жылы әлдеқалай Астанадан Жапония елшілігінен жауаты бір қызметкер маған телефон соғып жапонтану мәселелері жайлы сұрады.
2004 жылы КазМУ-дің 70 жылдығына байланысты шыққан «Создания факультета востоковедения» (Алматы 2004) кітапта жапон тілі мен әдебиетіне байланысты «Основателями являются Камалдинов А.А. и г-н Окауа деп жазылыпты. Ол қате. Шығыстану факультетін және қытай және жапон бөлімдерін де мен ұйымдастырдым, аштым. Шындықты айту керек. Ал шындық осылай. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Abai.kz