Алматыда түркология мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті

14

2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті базасында көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Әділ Құрманжанұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркология: даму кезеңдері және болашағы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Іс-шараға отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілер қатысып, түркология ғылымының өзекті мәселелері, оның даму кезеңдері мен болашағы кеңінен талқыланды.


Ахмет Әділ Құрманжанұлы — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1992–1997 жылдары Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ректоры қызметін атқарып, отандық білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.


Конференция барысында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс» орденінің иегері Дүкен Мәсімханұлы мерейтой иесін 85 жасымен құттықтап, оның Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, түркология ғылымының және отандық жалпы ғылым-білім саласының дамуына қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті.

Жиын қорытындысында мерейтой иесінің «Колумб дәуірінен бұрынғы америкалық Үндістердің алтайлық тегі» атты кітаптың тұсауы кесілді.

slot danahttps://cefta.int/