Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМЫ: ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ БОЙЫНША КАРТАЛАР КАТАЛОГЫ

184

Әбусейітова М. Қ., Табынбаева З. С., Шаймарданова Н. Ж., Жүгенбаева Г. С., Хинаят Б., Жұмағұлов К. Т., Ужкенов Е., Ошан Ж., Оспанов Н., Белғожа Е. К., Сұлтанғалиева Г. С., Медерова Д. Е., Каримова З. К., Қарасова С. сынды авторлар ұжымы дайындаған «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша карталар каталогы (ерте заман, орта ғасырлар, жаңа заман)» – Алматы: «Шығыс пен Батыс», 2023. – 284 б. атты жаңа ғылыми басылым жарық көрді. Басылымды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы дайындады.

Каталог «Архив-2025» бағдарламасы, «Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша шетелдік архивтер мен қорлардағы археографиялық жұмыстар» (айқындау, талдау, цифрлау) және «Қазақстан және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы шетелдік архивтік қорлар жинағында» ғылыми жобалары шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсынады. Басылымда Франция, Англия, Италия, Швеция, Дания, Швейцария, Венгрия, Германия, Корея, Қытай, Ресей және Өзбекстандағы археографиялық экспедициялар барысында айқындалған бірегей картографиялық материал жиналған.

Каталогта келесі бөлімдер бар:

  1. Жазбаша дереккөздер, архивтік құжаттар, карталардағы Ұлы Жібек жолының тарихы. Бұл бөлімде Ұлы Жібек жолының бағытжолы, оның аймақ мәдениеті мен экономикасына әсері қарастырылады, сондай-ақ, осы аса маңызды сауда жолының тарихын көрсететін карталар берілген.
  2. Ұлы дала туралы еуропалық картография және географиялық зерттеулер. Бұл бөлім Ұлы дала аумағын зерттеген еуропалық картографтарға арналған. Аймақты зерделеуде еуропалық карталар, олардың дәлдігі мен маңыздылығының ерекшеліктері суреттеледі.
  3. Қытай және Корея карталарындағы Қазақ даласы. Каталогтың осы бөлімінде әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан аумағы және оның маңайын көрсететін қытай және корей картографтары жасаған карталар ұсынылған.
  4. Орыс картографиясындағы Қазақстан. Бөлім Қазақстан аумағындағы орыс картографиялық зерттеулеріне арналған. Аймақтың географиясы мен мәдениетінің дамуын көрсететін әртүрлі тарихи кезеңдердің карталары келтірілген.

Басылым шығыстанушыларға, тарихшыларға, мәдениеттанушыларға, оқытушыларға, магистранттар және докторанттар үшін құнды құрал болып табылады. Каталог бұрын тек шетелдік архивтерде қол жетерлік болған картографиялық деректердің мол спектрін ұсына отырып, Ұлы даланың бірден-бір мәдени және тарихи мұрасын қалпына келтіріп, сақтауға себепші болады. Онан басқа, басылым Орталық Азияның тарихы мен мәдениетіне әуес жалпақ оқырманның қызығушылығын тудырады. Каталог Ұлы дала аумағындағы тарихи процестер мен мәдени әрекеттестіктерді тереңірек түсінуге жағдай жасайды.

«Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша карталар каталогы» атты жаңа басылым Қазақстан және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және оны сақтауға маңызды үлес қосады. Ол зерттеушілер мен барлық қызығушылық танытқан адамдарға Ұлы даланың бай тарихы мен мәдениетін қалпына келтіріп, түсінуге жәрдемдесетін бірегей материалдарды ұсынады.

 

 

https://pria.org/http://mtm.pasca.mercubuana.ac.id/wp-includes//theme/slot deposit pulsahttps://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/file/pulsa/https://www.netbright.co.th/https://www.dprtc.sua.ac.tz/https://www.icrcnewsroom.org/https://ise.usj.edu.mo/https://elok.utara.banjarmasinkota.go.id/plugins/