ҚР ҒЖБМ ҒК ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Алқалы және консультациялық орган болып табылатын Ғылыми кеңестің құрамына Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкерлері кіреді. Ғылыми кеңестің шешімдері Шығыстану институтының ғылыми қызметін жүзеге асыруда негізді маңызға ие. Ғылыми кеңес Институттың іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысын және халықаралық жобаларды құрылымдастырумен, ғылыми жобаларды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, ғылыми тағылымдаманың жетістіктерін, экспедициялар мен іс-сапарларды, кітаптар мен монографияларды талқылаумен айналысады.
Ғылыми кеңестің отырыстарында Қазақстан ғылымындағы қазіргі мәселелерге арналған Институт қызметкерлері мен Отандық зерттеушілердің ғылыми-теориялық баяндамалары тыңдалады. Оған қоса Таяу және Қиыр Шығыстан шығыстану саласының қазіргі зерттеулерімен айналысатын шетелдік мамандар шақырылады.
Ғылыми кеңестің негізгі қызметі:
– Институт қызметінің жаңа бағыттарын талқылау;
– Бағдарламалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын, ҒЗЖ нәтижелерін енгізуді, ғылыми кадрларды даярлау және біліктілікті арттыруды, конференция, жиналыс пен семинарларды өткізуді, ғылыми еңбектерді басып шығару және институттың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарының басқа да жоспарларын бекіту.
– Институттың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарының нәтижелері туралы есептерді талқылау;
– Институттың құрылымының өзгеруіне және Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгіленген қаржыны пайдалануға байланысты мәселелерді талқылау;
– Шығыстанудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас өткізу, шығыстану ғылымын дамыту мәселелері бойынша баяндамаларды тыңдау және бағалау;
– Координация және басқа ғылыми ұйымдармен шығармашылық ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылау;
– Құрылымдық бөлімшелердің, бөлім жетекшілері мен жеке ғылыми қызметкерлердің ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық есебін тыңдау;
– Тапсырыс және келісім-шарт негізінде шығармашылық ұжымдардың орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау;
– Институттың халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, шетелдік ғылыми ұйымдармен жасалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын талқылау, қызметкерлердің шетелдік іс-сапар бойынша жасаған есептерін тыңдау;
– Ғылыми кадрларды даярлау мен қызметкерлердің ғылыми еңбектерін шығаруға ұсыну, Институт басылымдарының жауапты редакторлары мен редакциялық құрамын бекіту;
– Бос орындарға жарияланған конкурс нәтижелерін бөлім, сектор меңгерушілерімен, бас және жетекші, орта және кіші ғылыми қызметкерлермен талқылау және белгілі мерзімге келісім-шарт жасау үшін директорға кандидатураларды ұсыну.
– Институттың ғылыми аттестациялық жұмысы бойынша мәселелерді талқылау және шешім қабылдау;
– Ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтарды, өнертабыстарды мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарға ұсыну;
– Ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Институт қызметкерлерінің кандидатураларын ұсынылған тәртіп бойынша ғылыми және құрмет атақтарын беруге ұсыну;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттарына, Ұлттық Академияға мүшелікке, басқа Академиялардың мүшесі болуға кандидатураларды ұсыну;
– Институттың жарғысына сәйкес, өз құзіреттігінің аясында басқа да мәселелерді қарастыру және талқылау.
Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ
- Д. Мәсімханұлы (Ғылыми кеңес төрағасы), Бас директор, филол.ғ.д., профессор
- Ғ.М. Дүйсен (Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары), директордың ғылым жөніндегі орынбасары, Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық және геосаяси мәселелері бөлімінің меңгерушісі, э.ғ.д, доцент, бас ғылыми қызметкер
- С.К. Әмірбекова, директордың халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары
- Е.Қ. Белғожа, ғалым хатшы, т.ғ.к., аға ғылыми қызметкер
- М.Қ. Әбусейітова, Шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы және мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор, бас ғылыми қызметке
- Р.У. Каримова, Ұйғыртану орталығының жетекшісі, т.ғ.д., доцент, бас ғылыми қызметкер
- С.Б. Кожирова, саяси ғ.д., бас ғылыми қызметкер
- Г.М. Молотова, Ұйғыртану орталығының Әдебиеттану және тіл білімі бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент, жетекші ғылыми қызметкер
- Э.У. Байдаров, Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филос.ғ.к.
- Д.Е. Медерова, т.ғ.к., кадр бөлімінің басшысы
- Б.Ш. Батырхан, PhD, жетекші ғылыми қызметкер
- Қ. Сарқытқан, г.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер
- Ұ.Д. Жүзбаева, кіші ғылыми қызметкер