“Қазақстанның шығыстану ғылымы” журналының №2 санына мақала жинау жүріп жатыр

484

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2022 жылдан бастап «Қазақстанның шығыстану ғылымы» журналын шығарады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2021 жылдың 16 тамызында тіркелген, куәлік №KZ54VPY00039118). Журналда жетекші қазақстандық және шетелдік шығыстанушы ғалымдардың, тарихшылардың, филологтардың, археологтардың және т.б. ғылыми мақалалары жарияланады. Журнал институттың ресми сайтында электрондық форматта, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып, жылына 2 нөмірі шығарылады.

«Қазақстанның шығыстану ғылымы» журналының  №1 саны баспадан жарық көрді және электронды нұсқасы www.shugystanu.kz сайтында жарияланды.

Осыған орай, журналымыздың №2 санына отандық және шетелдік ғалымдардан, докторанттар мен магистранттардан мақала жинау жүріп жатқанын хабарлаймыз. Сіздерден журналға мақала берулеріңізді өтінеміз.

Журналға ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар бойынша төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.

Байланыс үшін: жауапты редактор Белгожа Е.Қ., тех. редактор Тұрлығожаева А.Д., телефондары 261-16-04 (ішкі ном.: 709), +77478759626, +77472808514, e-mail: kazvostok.jurnal@gmail.com

 

Мақала талаптары пдф