Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастығы нығаюда

1497

Ватикан мен Қазақстан өзара ынтымақтастық ауқымын одан әрі ұлғайтуға және нығайтуға мүдделі екенін  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Ватикан мемлекетіне ресми сапарының екінші күні Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы (Сыртқы істер министрі) архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесуінде айтылды.

Келіссөздер барысында екі сыртқы саяси ведомство басшылары Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Осы сапар аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы мен Ватикан Апостол мұрағаты және Ватикан Апостол кітапханасы мен архивінің басшышы Хосей Толентино мырзалар екі мекеме арасында ғылыми және мәдени салаларда өзара іс-қимылды орнату мақсатында ниеттер туралы мемомандумға қол қойды. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан Түркі әлемі мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы туралы латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге, сондай-ақ Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағат материалдарын зерделеуге ниетті.
Осы меморандумнан кейін Шығыстану институты ғалымдарының Ватикан апостолдық мұрағатына барып зерттеу бағыты бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік туады деп күтілуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/381395?lang=kk

https://pria.org/https://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/https://empowerment.co.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://rskiasawojajar.co.id/https://bantenheadline.com/wp-includes/files/https://satvika.co.id/https://baritoutarakab.go.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://pafiaekkanopan.org/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://bmn.iainkediri.ac.id/https://icrcnewsroom.org/https://pmb.umus.ac.id/